Ертең - Дүниежүзілік жүйке саулығы күні

АСТАНА. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат - Ертең - Дүниежүзілік жүйке саулығы (World Mental Health Day) күні.

Бұл күн әлемде 1992-ші жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік жүйке саулығы федерациясының ұсынысы бойынша атап өтіледі.

Дүниежүзілік жүйке саулығы күнінің мақсаты депрессивтік ауытқушылық, шизофрения, Альцгеймер ауруы, нашақорлыққа тәуелділік, қояншық, ақыл­-есі кемістігі тарауын қысқарту болып табылады.