Батыс аумағының жекелеген аудандарында күн ыстық болады деп шамалануда.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, жекелеген аудандарда шаңды дауыл болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түсуі ықтимал.
Атырау облысында күн қатты ыстық болады.
Елдің оңтүстігі мен батысының жекелеген жерлерінде өрт қаупі жоғары болады деп күтілуде.
Алдағы үш тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында су көлемінің ауытқулары күтіледі, Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде су деңгейі көтеріледі.