Ертең «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі уақытша жұмыс істемейді

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік кірістер комитеті ертең, 6 наурызда сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады.

Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.

Осыған байланысты, қажет болған жағдайда салық төлеушілер 2026 жылғы 6-наурызда ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін хабарланды:

- 2026 жылғы 6 наурыздан бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;

- 2026 жылғы 6-наурыздан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.

Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 наурызда салық төлеушілер қолданылатын салық салу режимін таңдаудың өтпелі кезеңі аяқталды.

Жыл соңына дейін Салық кодексіне өзгеріс енгізілуі мүмкін.