Ал республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысының кей жерлерін тұман басады.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарында кей жерлерде күн 0-2 градусқа дейін суытады.
Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алдағы тәуліктерде Батыс Алтайдың жекелеген өзендерінде ықтимал жаңбырға байланысты су деңгейінің артуы мүмкін.