«Жәрмеңкенің негізгі міндеттері - азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, оларға әлеуметтік қорғау шаралары туралы, сондай-ақ еңбек нарығындағы ахуал жөніндегі ақпараттар ұсыну», - делінген ақпаратта.
Елорданың ресми сайтының жазуынша, сонымен қатар жәрмеңкеде Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары әр түрлі мәселелер бойынша кеңестер береді, қайта оқыту және жаңа мамандық алудың мүмкіндіктері, оқу орындарының түлектеріне жастар тәжірибесінен өту мүмкіндіктері туралы айтылады. Астана қаласы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың қызметкерлері қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кеңестер береді, ал Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы (ЗТМО) зейнетақы мен жәрдемақы алуға құжаттарды жинау тәртібі туралы айтады.