Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, елордалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысады. Мерекелік концерттік бағдарлама таңертең сағат 11.00-де басталады. Келушілерге татар және башқұрт халқының ұлттық тағамдары ұсынылады, байқаулар мен дәстүрлі ойындар (иінағаштармен жүгіру, қаппен жүгіру және т.б.), спорттық жарыстар («Көрәш» - белдік күрес, «Арқан тартыш» - арқан тарту) өткізіледі. Ал балалар арнайы ойын алаңында ұйымдастырылатын қызықты ойындарға қатысады. Байқаулар мен жарыстардың жеңімпаздарына және қатысушыларына бағалы сыйлықтар беріледі. Айта кетейік, сабантой - татар және башқұрт халқының ұлттық мерекесі, онда дос-жарандар мен туған-туыстар бас қосады. Адамдардың бойында мейірімділік пен әділдікті, достықты қалыптастыруда маңызы зор аталмыш мереке елордада жыл сайын өткізіліп келеді.
20:02, 28 Маусым 2014
Ертең елордада «Сабантой-2014» мерекесі атап өтілмек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең елордадағы «Жастар» сарайының алдында жазғы алаңда молшылықтың, достықтың және еңбектің дәстүрлі мерекесі «Сабантой-2014» атап өтіледі. Бұл туралы «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығынан хабарлады, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайтында.