1962 жылы белгіленген бұл атаулы күннің басты мақсаты - фашизмнің қайта жаңғыртылған идеологиясына ұлтаралық бірлік пен халықтар достастығы идеологиясын қарама-қарсы қою.
Қыркүйек айының таңдалуы бекер емес, өйткені бұл айда Екінші дүниежүзілік соғыспен байланысты екі атаулы күн бар. 1939 жылғы қыркүйектің 1-інде Екінші дүниежүзілік соғыс басталса, 1945 жылғы қыркүйектің 2-інде - соғыс аяқталды.