Ертең футзалдан Қазақстан чемпионаты басталады

АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ертең, қазанның 20-сында футзалдан 2010/2011 жылғы Қазақстан чемпионаты басталады. Бұл біріншілікке Алматының «Қайрат», Қарағандының «Тұлпар», Астананың «Ұшқын-Искра» және Рудныйдың «Аят» командалары қатысады.

Чемпионат Қазақстанның әртүрлі қалаларында өтетін жеті шағын турнирлерден тұрады. Олардың аясында командалардың әрқайсысы бір-бірімен кездесіп шығады. Чемпионат 2011 жылы наурыздың 30-ында мәреге жетеді.

Айта кетейік, өткен маусымда футзалдан ел біріншілігіне бес команда қатысып, Алматының «Қайрат» командасы чемпион атанған болатын.