Ертең - Халықаралық астрономия күні

None
АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең - Халықаралық астрономия күні. Бұл мереке 1973 жылы Америкада дүниеге келіп,

астрономия жанкүйерлерін «Астрономияны адамзатқа таныстырушылар» деген бір ұранның астына жинады. Бүгінде бұл қозғалысты Астрономия лигасы, Тынық мұхит Астрономиялық қоғамы, Халықаралық Планетарийлер одағы басқарады. Астрономия күнін әдетте сенбі күні, ай орталанып, сәуір аяқталып, мамыр бастау алар кезде тойлайды. Бұл күні көптеген елдерде мыңдаған астрономиялық клубтар, ғылыми мұражайлар мен расытханалар, планетарийлер әртүрлі қызықты шаралар ұйымдастырып, көпшілікке дәрістер оқып, телеконференция, біріккен жобалар жасап, жұлдызды аспанды телескоптармен тамашалатады. Сонымен, 2011 жылы григориан күнтізбесі бойынша мамырдың 2-інде атап өтіледі.