Ертең - Халықаралық Отбасы күні
09:19, 14 Мамыр 2010
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - Ертең, мамырдың 15-інде Халықаралық Отбасы күні аталып өтіледі.
Бұл атаулы күн 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген болатын.
Бұл атаулы күн - әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық білдіруіне орай қабылданып отыр.
Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрметтеудің, ынтымақтастық пен үйір болушылықтың ошағы, яғни, кез келген зиялы қоғамның діңгегі, онсыз адам өмір сүре алмайтын құндылық негізі. Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.