18 ақпан күні сайлау науқаны басталғаннан бері Иранның заң шығарушы органына депутаттыққа үміткерлердің саны 6229 адамнан шамамен 5550 адамға дейін қысқарған.
Иран азаматтарына Парламентке төрт жыл мерзімге 290 депутатты таңдау керек. Сонымен бір уақытта тікелей дауыс беру жолымен 161 үміткерден 88 дін маманы мен шариат білгірлері сегіз жылдық мерзімге Сарапшылар кеңесіне сайланады. Дауыс беру құқығына 55 млн. жуық ирандық азамат ие. Сайлау кезінде қауіпсіздікті бүкіл ел бойынша 250 мың полиция қызметкері қамтамасыз етеді, деп хабарлайды ТАСС.