Осыдан бірнеше жыл бұрын Рамазан айының қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізу былай тұрсын, оразаның да, қадір түнінің де елеусіз өткендігін атап өткен ол: «Биыл Рамазан айы құдай қаласа, қасиетті жұмаға тура келіп отыр. Бүгін кешке тарауих намазын оқып, бастаймыз. Тарауих намазы - сүннәт. Тарауих намазын кешкі құптан намазы уақытында, сағат 11-лерде бастап, түнгі 1-1.30-ға дейін өткіземіз», - деді.
Оның атап өтуінше, осы түні елдіміздің бүкіл мешіттерінде қатым құраны оқылады. Ол жайында Бақара сүресінің 185-ші аятында: «Рамазан - адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстайтын болсын. Егер біреулер ауру болып, әйтпесе жол сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді», - делінген.
Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының пәтуа бөлімі берген мәліметке сәйкес, ағымдағы жылы Рамазан айы 20 шілде айында басталып, 18 тамызда аяқталады.