Соған орай ертең Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен Алматы қаласында Мәриям Мұқанованың 100 жасқа толған мерейтойына арналған салтанатты жиын өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сәбит Мұқановпен 47 жыл отасып, бір ғасыр жасап, өнегелі өмір сүріп, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеген Мәриям ана өмірге төрт ұл, екі қыз әкелген. Қазір 30-ға жуық немере-шөберелері бар.
Қазақ қаламгерлері мен замандастары әр жылдары Мәриям апай туралы жүрекжарды пікірлерін білдірген. Олар халық жазушысы Сәбит Мұқановтың биік белестерге қол жеткізуі жолында шаңырағының ырыс-берекесін кіргізген, жазушы дүниеден өткен соң оның мұралары сақталып, халыққа кең тарауына Мәриям Мұқан келінінің сіңірген еңбегі зор екенін айтады.
Мәриям Мұқан келінінің өзі де естелік кітаптар жазды. М. Мұқан келінінің жазушы Сәбит Мұқанов туралы «Менің Сәбитім», «Сағынышым - Сәбитім» атты шығармаларын оқырман қауым жылы қабылдады.