Ертең Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз болады

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігі 16 тамыз күні, сенбіде жоғары қысым ықпалында болады, ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Солтүстікте түнде кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, оңтүстікте шаң көтеріліп, дауыл тұрады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Елдің солтүстік-батысы мен шығысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды деп күтілуде. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Жамбыл облысының кейбір жерлерінде шаң көтеріліп, дауыл тұруы ықтимал. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, жел екпіні 23-28 м/с болады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, Қызылорда облысында шаң көтеріліп, дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады деп күтілуде. Республиканың оңтүстігінде, орталығының кей жерлерінде және оңтүстік-шығысында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Жуырдағы үш тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысы мен шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады. Қостанай облысының Тобыл (Қаратамар су қойнауынан төмен) және Үй өзенінде су деңгейі әлі де төмендей береді. Орал өзеніндегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.