Ертең қазақстандық боксшы Эюбов АҚШ-та жекпе-жегін өткізеді
11:39, 10 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов АҚШ-та болатын жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шара АҚШ-тағы Детройт қаласында MGM Grand Detroit аренасында өткен. Қазақстандықтың бұл жолғы қарсыласы жергілікті Гилберт Венегас (15-26-5, 8КО). Екі спортшы да жартылай орта салмақта жұдырықтасады. Ертеңгі кездесу 6 раундтан тұрады. Бұл кешті америкалық Showtime телеарнасы тікелей эфирде көрсетпек.
Естеріңізге сала кетсек, Эюбов кәсіпқой бокста 11 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен, оның ішінде он кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған.