Павлодар облысында оңтүстік-батыстан соққан жел күшейіп, жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді, найзағай ойнайды. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, ал Солтүстік Қазақстан облысында жел жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді.
Жамбыл, Қарағанды, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты жел соғады. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерін тұман басып, жел күшейеді. Қостанай облысында найзағай ойнайды. Маңғыстау облысында кей жерлерді тұман басады.
Таяу үш тәулікте ауа температурасының көтерілуіне, қардың еруіне және жаңбыр жаууына байланысты Шығыс Қазақстан облысының өзендерінің басым бөлігінде су деңгейі көтеріледі. Бұқтырма өзенінде су қауіпті белгіден асып, су тасқыны орын алуы мүмкін. Ертіс өзенінің Павлодар облысы аумағында деңгейі көтерілуі жалғасады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады.