«Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйенсек, Астана қаласында 2014 жылғы 30 мамырда 0-2 градусқа дейін суытады деп күтілуде», - делінген ТЖД хабарламасында.
Қазақстан аумағына баяулап жеткен суық атмосфералық ағындар Қазақстанның барлық аумағына әсер етіп, жауын-шашын болады, шығыс облыстарда 30 және 31 мамырда түнде жауған жауынның арты жылбысқы қарға ұласуы мүмкін. «Суық антициклон Қазақстанның солтүстік бөлігіне арктикалық ауа әкеліп, жер-жерлерде түнгі температура 0-5 градусқа жетуі мүмкін. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста мамырдың соңғы күндері жаңбыр жауып, күн күркіреп, артынша бұршаққа ұласуы ықтимал, желдің күші 18-25 м/с-қа жетеді, күндізгі температура 17-27 градусқа дейін жылы болады», - делінген хабарламада.