Ертең - Көлік және байланыс қызметкерлері күні

АСТАНА. Тамыздың 1-і. ҚазАқпарат - Ертең - Көлік және байланыс қызметкерлері күні.

 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес,  бұл атаулы  күн жыл сайын тамыздың бірінші жексенбісінде атап өтіледі.

 Ертең сондай-ақ, Теміржолшылар күні. Бұл  мереке де тамыз айының бірінші жексенбісінде ТМД аймағында аталып өтіледі.