Шараға қатысу үшін Сыр еліне Семей қаласының бір топ ғалымдары аттанды. Екікүндік шара барысында олар халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арнап дәрістер өткізеді.
«Абайдың мәдени мұрасынан бөлек, ғалымдар Шәкәрім Құдайбердіұлы және Мұхтар Әуезовтың әдеби мұрасын насихаттап, игі дәстүрді бастап отыр», - деді Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Шәріпбек Әмірбеков.
Ғалымдар тобын университеттің гуманитарлық-заң факультетінің деканы, профессор Арап Еспенбетов бастады. Олардың арасында тарих кафедрасының меңгерушісі Рүстем Жақсыбекұлы, Семейдегі Абайдың қорық-мұражайының директоры Жандос Мағазбекұлы және өзге де ғалымдар бар. Сапар барысында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер мен магистранттар алмасу мәселесі талқыланады.