Ертең ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының пенитенциялық жүйесі туралы» Жарлыққа қол қойғанына бір ай толады

АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Ертең, 26 тамыз күні ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының пенитенциялық жүйесі туралы» Жарлыққа қол қойғанына бір ай толады,

деп хабарлайды ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Бұл құжатқа сәйкес ҚР Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйе қызметіндегі барлық жұмыстары мен уәкілеттілігі Ішкі істер министрлігіне беріледі.

Пенитенциялық жүйе баспасөз қызметінің өкілі Самал Ғадылбекованың айтуынша, бүгінгі таңда уәкілеттілікті тапсыру ісі толықтай аяқталып қалды. ҚАЖК-ның барлық қызметкерлері штаттық кесте бойынша ІІМ-ға өтті.