Көрме, Музейдің «Мәдени үндесу» халықараралық жобасы аясында тарихи сабақтастық, Қазақстандағы Жапония елшілігімен көп жылғы табысты еңбектің арқасында ұйымдастырылып отыр.
Томоко Хоукё - жапондық классикалық кескіндеменің ізбасары және дәстүрлі жапон көркемөнер мектебінің мирасқоры.
«Жапонияның сұлулық әлемі» - суретшінің қазақстандағы алғашқы көрмесі. Астана қонақтары мен тұрғындары, бір ай бойы ежелден қалыптасқан жапондық дәстүрлі мәнерде орындалған кескіндемелермен таныса алады.
24 қыркүйекте Томоко Хоукё «Жапонияның сұлулық әлемі» туралы өзінің түсінігі мен тәжірибесін бөлісу мақсатында, Музей жанындағы Бейнелеу өнері студиясының оқушыларына арнап шеберлік сағатын өткізеді.