Ертең Қызылордада бокстан жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылордада бокстан 17-18 жастағы былғары қолғап иелері арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарланған облыс әкімдігінің ресми сайтында.

11 салмақ дәрежесі бойынша жас спортшыларды қамтитын жарысқа еліміздің барлық облыстарынан 200-ге жуық адам қатысады, деп күтіліп отыр. Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, чемпионға ҚР-ның спорт шебері атағы беріледі.

Жарыстың бас демеушісі - «Қор» мұнай компаниясы. Чемпионат 24 ақпан күні сағат 15.00-де «Евразия» спорт кешенінде басталады, ал ашылу салтанаты 25 ақпан күні сағат 17.00-де болады.