Ертең мәслихат депутаттарының сайлауы 3 мың 335 округ бойынша жүргізіледі - ОСК

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мәслихат депутаттарының сайлауы 3 мың 335 округ бойынша жүргізіледі.

Бұл мәліметтерді бүгін Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) төрағасының орынбасары Владимир Фоос шетелдік журналистер үшін өткен брифингте жария етті.

Оның деректеріне қарағанда, аталған округтер бойынша мәслихат депутаттығына үміткер ретінде ұсынылған 10 мың 35 кандидаттың 8 мың 475-і тіркелді. «Ертең республика халқы Мәжіліс депутаттарымен бірге осы мәслихат депутаттарыүшін де дауыс береді», - деді В.Фоос.