АСТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, сәуірдің 18-і күні Парламент Мәжілісінің депутаттары жалпықалалық сенбілікке шығады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов та қатысады деп күтілуде.
Парламентшілер Сығанақ көшесі бойында, сондай-ақ Республикалық диагностикалық орталық ғимараты маңында ағаш егу жұмыстарымен айналыспақ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).