Ертең Мәжіліс депутаттары қалалық сенбілікке шығады
15:48, 17 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат - Ертең, қыркүйектің 18-і күні Парламент Мәжілісінің депутаттары мен Палата Аппаратының қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке шығады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Парламентшілер мен Аппарат қызметкерлері «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы ғимаратының маңында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарымен айналысады.