Ертең Мәжіліс депутаты Е.Нығматулин «Нұр Отан» партиясына мүше азаматтарды қабылдайды

None
АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау орындарына өткен жылы 42 мыңнан астам арыз-шағым келіп түсті.
Бұл 2007-ші жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп» деді бүгін өткен апталық брифингте партияның ресми өкілі Оксана Петерс, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның атап көрсеткеніндей, шағымдардың дені тұрғын үй-коммуналдық, жұмыспен қамту мәселелеріне және жалақының мерзімінде төленбеуіне қатысты болған. Сондай-ақ өткен жылы 920 көшпелі қоғамдық қабылдау жүргізіліп, оған барлық деңгейдегі депутаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Жұмыс барысында 12 мыңнан астам азаматтың өтініштері қарастырылды. «Халық, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлмелері ұйымдастырған «Ашық есік күндері» арқылы өздерін толғандырған сұрақтарға мемлекеттік орган өкілдерінен тікелей жауаптар ала алды. Қабылдау орындарының жұмыс сапасын арттыру мақсатында барлық аймақтарға партияның бірегей стандарттары мен жұмыс істеу тәртібі жіберілді», - деді ресми өкіл. Парламент және мәслихат депутаттары Астанада аптасына екі рет өздерінің сайлаушыларымен кездеседі. Кеше азаматтарды Қылышбай Бисенов қабылдаса, қаңтардың 22-сінде қоғамдық қабылдауды Ерлан Нығматулин жүргізеді.