деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (жаңа редакция), «Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексі жобаларының таныстырылымы өтеді. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне іс жүргізу заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да таныстырылады.
Заңнамалық актілердің таныстырылымын Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұйымдастырады.