Мәжіліс депутаттары Палата Бюросы ұсынған күн тәртібіне сәйкес мәселелерді талқыға салады.
Күн тәртібі негізінен Үкіметтен Мәжіліске келіп түскен жаңа заң жобаларынан тұрады. Оның ішінде «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мәселелері қаралады.
Сонымен қатар халықаралық құжаттарды бекітуді көздейтін заң жобалары бар. Сондай-ақ мемлекеттік құқықтық статистикаға қатысты, мүдделік қолдау қызметі туралы заң жобалары күн тәртібіне енгізілген.