«Семинар Елбасының мемлекеттік қызметті жаңғырту және кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға қатысты тапсырмасы аясында ұйымдастырылады», - деп делінген аталмыш академияның хабарламасында.
Айта кетерлік жайт, аймақтық орталықтарда мемлекеттік қызметкерлерді оқыту онлайн-трансляция арқылы жүзеге асырылатын болады.
Семинарға ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысының орынбасары Ғ.Әбдірахымов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә.Байменов және мемлекеттік органдардың өкілдері мен басшылары қатысады.