Оның сөзіне қарағанда, «МузАРТ LIVE» жобасына тек жiгiттер қатыса алады.
«МузАРТ LIVE» жобасы үш кезеңнен тұратын болады. Бiрiншi кезеңде - 15 наурыздан 15 сәуiр аралығында онлайн-кастинг өткiзiледi. Екiншi кезең - ол МузАРТ тобының қатысуымен аймақтық iрiктеу және ол 10 мамырдан 25 мамыр аралығында өтедi. Аймақтық iрiктеу Астана, Алматы, Атырау, Семей, Шымкент қалаларында өткізіледі. Үшiншi кезең - iрiктелген 60 үмiткердiң қатысуымен өтетiн телевизиялық жоба. Айта кету керек, жобаға тек жiгiттер қатысады және жоба барысында тек қазақ тiлiндегi әндер орындалады», - деп атап өтті Р.Гайсин.
Оның сөзіне қарағанда, ұлттық музыкалық тележобаның ІІІ-кезеңі үміткерлерге телетүсірілімге қатысу мүмкіндігін береді. Онда үміткерлер стиль, имидж, репертуар, хореография саласы бойынша ұйымдастыру комитетінен кеңес алады. Ақтық сында бар-жоғы 6 адам бағын сынайды.