Ертең «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында Астана қаласының прокуроры азаматтарды қабылдайды

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Ертең, 12 сәуірде Астана қаласының прокуратурасы «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалымен жасалған Меморандумның аясында Ашық есіктер күнін өткізеді.

Ашық есіктер күні азаматтарды қабылдауды Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары Есенжан Қайыржанұлы Досанов жүргізеді, деп хабарлады Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі.