Салтанатты шараны ұйымдастырушылар - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі және «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің» қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі».
Салтанатты марапаттау рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов, ҚР Парламентінің депутаттары, инноваторлар, салалық ассоциация өкілдері қатысады.