Ертең Өскеменде «Астана арландары» өзбек боксшыларымен кездеседі
Аталған шара Шығыс Қазақстанда бірінші рет өтіп отыр. Өткен маусымда отандық кәсіпқой бокс клубы өзінің қарсыластарын Қазақстанның Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында қарсы алған еді. Ал биылғы жылы сайыстың өту орны өзгеріп Петропавл мен Өскемен қаласында ұйымдастырылды.26 наурызда Петропавлда өткен кездесуде «Астана Арландары» пуэрторикандық «Puerto-Rico Hurricanes» клубын ойсырата жеңіп, кездесу 5:0 есебімен аяқталған.
Өтіп жатқан 6-шы маусымның көрсеткіштерін айта кетсек, Қарағанды қаласында өткен кездесуде «Астана арландары» Әзербайжанның «Баку Файрс» командасымен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Кейіннен Пуэрто Рикода жоспарланған матч өтпейтіндігі жарияланды. 27 ақпаннда Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен матч барысында «Астана арланс» 4:1 есебімен жеңіліске ұшырады. Дегенмен, Бакуде өткен кездесуде 2:3 есебімен жеңісті қанжығаларына байлады.
Өскеменде өтетін матч - осы маусымдағы соңғы ойын. Дәл осы кездесуден кейін «Астана арландары» өз тобында нешінші орынға аяқ тірейтіндігі белгілі болады. Әзірге тізімді 13 ұпаймен Өзбекстанның «Uzbek Tigers» командасы бастап тұр. Ал «Астана Арландары» 12 ұпаймен 2-ші орында. Сайыстан кейін ең жоғары ұпай жинаған 2 команда плей-оффқа шығады.
Қазіргі таңда белгілі болғандай, «Астана арландары» командасы атынан ел намысын 5 боксшы қорғамақ. Олар: Азат Махметов (52 келі), Закир Сафиуллин (60 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі), Арман Рысбек (81келі), Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары). Аталған боксшылар арасында Азат Махметов, Арман Рысбек және Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға алғаш рет шығып, команда атынан бірінші кездесулерін өткізбек.
Жекпе-жекке қатысатын боксшылары жұбы
Салмақ |
«ASTANA ARLANS» |
«UZBEK TIGERS» |
52 келі |
Азат Махметов |
Аброржон Кадыров |
60 келі |
Закир Сафиуллин |
Елнур Абдураймов |
69 келі |
Асланбек Шымбергенов |
Махмуд Гаипов |
81 келі |
Арман Рысбек |
Шухрат Абдуллаев |
91 + келі |
Қамшыбек Қонқабаев |
Мирзохиджон Абдуллаев |
Бас бапкер |
Нұрлан Ақүрпеков |
Тулкин Киличев |