Ертең Ослода және Стокгольмде Нобель сыйлықтары табыс етіледі

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ертең Ослода Нобель сыйлықтары табыс етіледі. Жыл сайын бұл күні Норвегия королінің қатысуымен Осло университетінің үлкен залында және Швецияның Стокгольм қаласында Нобель сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді.

Бұл салтанат белгілі ғалым А.Нобельдің туған күніне орайластырылған.

1900 жылы құрылған Нобель қорының бастапқы капиталы 31 миллион швед кронын құраған. Алғашқы Нобель сыйлығы 1901 жылғы 10 желтоқсанда табыс етілді. Физика, химия, физиология және медицина бойынша сыйлықтар -Стокгольмде, ал әлем сыйлығы - Осло қаласында беріледі. 2004 және 2005 жылдардағы ақшалай сыйлықтың көлемі 10 миллион швед кронын құрады.