Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с-ке күшейіп, екпіні 28 м/с болады. Жамбыл, Қызылорда облысында, түнде Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Маңғыстау, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының бір қатар аймақтарында жел екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. Ақтөбе, Қостанай облыстарында кейбір жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Жуырдағы үш тәулікте Оңтүстік Қазақстан аумағында Сырдария өзенінде Шардара су қоймасынан су ағыны ұлғаяды деп күтілуіне байланысты су көлемі ұлғаюы ықтимал. Батыс Алтайдың жекелеген өзендерінде жауын-шашын болады деп болжануына байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін. Қазақстанның солтүстік бөлігінің көптеген өзендерінде су бетінің бірте-бірте салқындауы байқалады. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.