Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде аздап боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке соғады. Алматы облысыныда түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с-ке күшейіп, күндіз жел екпіні 25 м/с болады. Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында боран соғады деп күтілуде, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-22 м/с болады. Қарағанды облысында түнде кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында жел 17-22 м/с-ке күшейеді, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман түсуі мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі.
Жақын тәуліктерде Батыс Алтайдың (ШҚО) жекелеген өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Қызылорда облысы аумағында Сырдария өзенінде өзен арналарын реттеу есебінен су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады.
Қазақстанның батыс, солтүстік және шығыс облыстарының өзендерінде мұз қалыптасу үрдісі жалғасады.