Маңғыстау, Жамбыл, күндіз Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Ақмола, Қостанай облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Атырау облысында кей жерлерде тұман болады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, жолдарда көктайғақ болады.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысының кей жерлерінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жуырдағы 4 күн бойы республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысының таулы өзендерінде су деңгейі тұрақсыз болады деп күтілуде.