Мәселен, күндіз Алматы облысы Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с екпінде жел соғады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болжануда, желдің екпіні 15-20, таулы асуларда 25 м/с болады.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында - кей жерлерде тұман, желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген өңірлерінде бұрқасындатып, 15-22 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында - желдің күші секундына 15-20 метрді құрайды.
Атырау облысында кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Көктайғақ сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында күтілуде.
Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы тәулікте Қазақстанның басым өзендерінде (Жайық, Есіл, Нұра, Ертіс және т.б.) қысқы үрдістер сақталып, мұз қалыңдай түседі. Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген өзендерінде мұздың қатуымен судың деңгейі көтерілуі ықтимал. Сырдария өзенінің Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының аумағынан ағып өтетін бөлігінде судың қалыпты деңгейден ауытқуы байқалады.