Жамбыл, Қарағанды облыстарында, таңертең және күндіз Қостанай облысында, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, Қызылорда облысында шаң көтеріліп, дауыл тұрады. Атырау облысында түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Алматы облысында Алакөл өзені ауданында жел 20-25 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз жел екпіні 30 м/с-тен асады.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысының кей жерлерінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы қадағаланады.