Республиканың батыс облыстарына циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронттар ықпал етеді, осы жерлерде бұлтты болып, кей жерлерде жаңбыр жауып, ұйытқымалы жел соғады, ауаның күндізгі температурасы 15-25 ºС, ал оңтүстік-батыста 22-27 ºС-қа дейін төмендеуі мүмкін.
16:24, 08 Қыркүйек 2013
Ертең республиканың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауады
АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, 9 қыркүйек күні Қазақстанның орталығы мен солтүстігінде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, жел 18 м/с күшеюі мүмкін, ауаның температурасы шамалы төмендейді. Бұл туралы Қазгидромет сайтынан хабарлады.