Республиканың солтүстігі, солтүстік-батысы және шығысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ хабарлайды.
Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстарында, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде жел 15-22 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, Атырау облысында шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.
Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде 0-5 градусқа дейін ауа райы суытады.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.