1992 жылдан бастап бұл күн Қазақстанда атаулы күн ретінде атап өтіледі.
10:06, 17 Қазан 2009
Ертең - Рухани келісім күні
АСТАНА. Қазанның 17-сі. ҚазАқпарат - Ертең - Рухани келісім күні. 1992 жылдың қазан айында Қазақстанның сол кездегі астанасы - Алматы қаласында Рухани келісімнің 1-інші әлемдік конгресі өтті. Сол Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін Рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу күні, татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдады.