— Семей қаласының мектептерінде 2026 жылғы 11 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ)1,2 ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және колледждің студентер үшін сабақтар қашықтық форматқа ауыстырылады, — деп хабарлады Білім басқармасынан.
Ал жел мен көктайғаққа байланысты 2026 жылғы 11 наурызда Павлодар облысының 1-аусымда оқитын 0-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс (9 сынып негізінде) колледж студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Айта кетейік, бүгін сондай-ақ елордада да ақтүтек боран болуына байланысты ертең оқушылар онлайн форматқа көшірілді.