АСТАНА. ҚазАҚпарат - Ертең Оңтүстік Корея астанасы Сеулде ММА шебері Ермек Тлауов сайыс алаңына шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол Road FC 36 турнирінің 1/16 финалында бразилиялық сайыпқыран Ронис Торреспен күш сынасады. Бүгін қос мықты арасында салмақ өлшеу рәсімі өтті.
Тлауов осыған дейін де талай ірі жарыстарға қатысып, қарсыластарын қапы қалдырып жүрген тәжірибелі спортшыларымыздың бірі. Ертеңгі сайыста сәттілік жолдас болсын деп тілейміз.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.