АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Шымбулақ кешенінде тау шаңғысының маусымы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл іс шара «2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы ұйымдастыру дерекциясы» МҚ жəне «Астана Банкінің» қолдауымен ұйымдастырылғалы отыр.
Тау шаңғысының жаңа маусымының салтанатты ашылуы таңғы 10:00- басталады.
Шара барысында түрлі конкурстар өтіп, ұйымдастырушылар мен серіктестерден сыйлықтар, live-band, DJ, тау шаңғысы мектебінің баурайында нұсқаушылардан əсерлі көріністер, сондай-ақ басқа да көптеген мерекелік іс-шаралар өтетін болады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.