Ертең Шымкентте қазақстандық тауар өндірушілер Ираннан келген сатып алушылармен кездеседі

АСТАНА. Желтоқсанның 12-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Желтоқсанның  13-і күні Шымкентте «Эскпортты өткізу және дамыту жөніндегі «Kaznex» корпорациясы» акционерлік қоғамы мен Индустрия және сауда министрлігінің ұйымдастыруымен қазақстандық тауар өндірушілердің Ираннан келген сатып алушылармен кездесуі өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Иран тарапы ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдарын шығару, тамақ және химия өнеркәсібі, сауда және сатып алуы сияқты салалар бойынша қызмет көрсететін бас-аяғы 120 компания өкілдерімен келеді.

 Кездесуде Қазақстан тарапын Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешов, ал Иран тарапын Сауда министрі Газанфари мырза басқарады. Иран тарапы қазақстандық астық пен металл өнімдері,  мақтадан дайындалған тауарлар мен мен дайын күйдегі тағам өнімдеріне, сондай-ақ кондитерлік тауарлар мен сусындарға, бірқатар химиялық тауар түрлеріне және өзге де  қазақстандық өнімдерге қызығушылық танытып отыр.

 Кездесу «Сатушы-тұтынушы» келіссөздері түрінде ұйымдастырылады.