Ертең СҚО-ның барлық мектептерінде сабақ болмайды
14:36, 21 Қаңтар 2018
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында дүйсенбі күні 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
112 қызметі 22 қаңтарда өңір аумағында 30 градус аяз болатыны туралы хабарлама жіберді. Хабарламада 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайтыны айтылған.