«Дүйсенбі, 9 шілде күні Түркия Президентін ұлықтау рәсімі өтеді. Осыдан кейін мемлекет дамудың жаңа кезеңіне аяқ басады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, Ұлы ұлттық жиналыс (парламент) ғимаратында өтетін инаугурациядан кейін Анкара іргесіндегі Бештепе аумағында орналасқан президенттік кешенде үлкен шара ұйымдастырылады.
«Шараға 22 елдің басшылары және 17 мемлекеттің үкімет басшылары қатысады. Бірқатар елдердің вице-президенттері мен парламент спикерлері келеді», - деді Ердоған.