Ертең Түркияда Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты шара өтеді

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Ертең, 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні меркесіне орай Ыстамбұл қаласында (Түркия республикасы) салтанатты шара өтеді. Бұл туралы 7-Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті Атқарушы дирекциясынан мәлім етті.

Шараға Түркиядағы Қазақстанның Елшісі Жансейіт Түймебаев, Ыстамбұл қаласының мэрі Қадыр Топбаш, Ыстамбұлдағы Қазақстан Республикасының Бас консулы А.Шөкебаев, «7-Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті» АҚ Атқарушы директоры А.Сарин, Түрік-Қазақстан бизнес кеңесінің төрағасы Кемал Кологлу және Түркия мемлекеттік органдарының, бизнес пен халықаралық ұйымдардың 400-ден астам өкілі қатысады.

Іс-шара барысында сондай-ақ, 2011 жылдың қаңтарында Қазақстанда өтетін Қысқы Азия ойындарының таныстырылымы өтеді деп күтілуде.