Бұл туралы бүгін брифингте Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.
«Қазақстан Үкіметінде бірқатар маңызды шаралар өткізу жоспарланған. Нақтырақ айтар болсақ, ертең, 4 маусымда өтетін Үкімет отырысында елдің индустриялды-инновациялық дамуының химия саласындағы мәселелері талқыланады», - деді ресми өкіл.
Оның айтуынша, аталған мәселе бойынша вице-премьер - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев баяндама жасайды.